2024 жылдың 23 қыркүйегінде куратор Баймадиева Әйгерім Серікқызы "Біз сыбайлас жемқорлықты бірге жеңеміз"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шаралар оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын насихаттау және қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдыққа, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шаралар аясында кітап көрмелері, презентациялар пайдаланылды. Қатысушылар адам өміріндегі достықтың рөлі туралы айтты.