2024 жылдың 20 қыркүйегінде «ОРРММИК» РММ-де балаларды қызықты сайысқа жинаған «Жылдам, батыл, епті, шебер» атты кешкі спорттық демалыс өтті.
Балалар кедергілерден өтіп, эстафеталарға қатысып, ашық ойындар ойнады. Әрбір сынақ эмоциялар мен көңілді айқайларды тудырды. Кешкі спорттық демалыс жағымды эмоциялар мен спорттық толқуларға толы жарқын оқиға болды.
Іс-шараның мақсаты-жеңімпаздарды анықтау ғана емес, сонымен қатар командалық рухты қалыптастыру, балалар арасында достық пен ынтымақтастықты дамыту. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Жылдам, батыл, епті, шебер» кешкі спорттық демалыс барлығы үшін нағыз мереке болды.
Спорт-денсаулық, қуаныш және керемет көңіл-күй!
Ұйымдастырушылар: педагог-тәрбиешілер Боог Н.А. және Ушакбаева А. К.