2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі» РММ-де Вице-премьер-Министрдің орынбасары Тамара Касымовна Дуйсенованың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серик Маратович Жарасбаевтың, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекович Нургалиевтің, «Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Аскар Байжигитович Можановтың қатысуымен кеңес өтті.
Жиын барысында ШҚО спорт мекемелерінің басшыларымен Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, реформалау және спорт түрлеріне басымдық беру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Тамара Дуйсенова Шығыс Қазақстан облысының спорт ұйымдарының басшыларына дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша ұсыныстар беруді тапсырды, атап айтқанда: спорттың басым түрлерін айқындау, спорт резервін дайындау, жаттықтырушы-оқытушыларды аккредиттеу және сертификаттау жүйесін енгізу және т. б.