2024 жылдың 17 желтоқсаны күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары аясында “Независимость - это героический путь народа”атты дөңгелек үстел өтті. Өткізгендер тәрбиешілер Ушакбаева А.К. мен Мутиханова М.А.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 33 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру.
Көрнекіліктер: Ноутбук, слацдтар, суреттер, белсенді тақта.
16 желтоқсан туралы слайдтар көрсетілді
Оқушылар “Тәуелсіздік” туралы өз ойларын бөлісті.Балаларға желтоқсан оқиғасының құрбандары Рысқұлбеков Қ, Асанова Л, Мұхаметжанова С, Сыпатаев Е. туралы естеліктер айтылды. 7 “Б” сынып оқушысы Волкова Дарья “Тәуелсіздіктің” қандай ауыр жолмен келгені туралы өзінің білетін мәліметтерімен бөлісті. Балалар өз пікірлерін ортаға салды.
Қорытынды: Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын!