Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығын мерекелеу аясында 21.12.2024 жылы тәрбиеші А. М. Капезова " Б.Майлин-халықтан шыққан талант " тақырыбында әдеби кеш өткізді.
Мектеп оқушылары ақын мен қоғам қайраткерінің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Біз шағын деректі фильм көрдік, өлең оқыдық, Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы пікір алмастық.