2025 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында "Үлкен Алтай" екінші қысқы ойындары өтуде.
"Үлкен Алтай" қысқы ойындарына Қытай, Ресей, Моңғолия және Қазақстан спортшылары қатысуда.
"Үлкен Алтай" II қысқы ойындарының салтанатты ашылуы 12 қаңтарда түсте Қытайдың "Цзянцзюньшань" тау шаңғысы курортында өтті.
Жарыс спорттың жеті түрі - коньки тебу, тау шаңғысы, сноуборд, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы және шаңғы тебу бойынша өтеді.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ оқушылары мынадай нәтижелерді көрсетті:
шаңғы жарысы бойынша Быструшкин Леонид скиатлон және масстартта (10 км.) Алтын, спринтте – қола медаль, Асылхан Бейбарыс – спринтте алтын және масстартта күміс (10 км.) алды.,
тау шаңғысында Костров Тимофей слаломда алтын, алыпта күміс және супергигантта қола медаль алды.
Оқушыларымызды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!!!