2025 жылдың 19 қаңтарында IBU Junior Cup турнирі аясында Польшаның Якушчице қаласында ерлер арасында 10 шақырымдық спринт жарысы өтті. Жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты. Команда құрамына "Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ оқушылары Егор Гребенщиков, Евгений Литвинов, сондай-ақ біздің түлектеріміз Владимир Конивец, Артем Афанасьев кірді.
Егор Гребенщиков 115 қатысушы арасында 7-ші орынға ие болып, керемет нәтиже көрсетті. Ол барлық нысандарды екі атыс сызығында нөлге дейін атып, көшбасшыдан бір минутқа артта қалды.
Владимир Конивец 45-ші, Евгений Литвинов 48 — ші, Артем Афанасьев 63-ші орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының келесі кезеңі 22-26 қаңтар аралығында Германияның Альтенберг қаласында өтеді.
Біздің спортшыларды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз.????