Хорошее поведение - неисчерпаемое богатство

Жақсы мінез-құлық-таусылмайтын байлық

Дата 6 февраля 2025
Хорошее поведение - неисчерпаемое богатство
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің “Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі” РММ-інде 06.02.2025ж. 7 “Б” сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Ушакбаева Жадыра Тенизхановна “Біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру мақсатында “Жақсы мінез - сарқылмас байлық” атты тақырыпта сынып сағатын өткізді. Оқушылар сынып сағатында жақсы мінез-құлықтың адам өміріндегі маңызы, жақсы мінездің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, сынып сағатында өзара сыйластық, адалдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттердің маңызды екендігі түсіндіріліп, оқушыларға мінез-құлықты дамытуға бағытталған тапсырмалар берілді. Тақырыпты талқылау барысында әр оқушының өз ойларын еркін білдіріп, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге жақсы мінезді қалыптастыру жолдарын қарастырды.
Басқа жаңалықтар