2025 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін туберкулезге қарсы күрес айлығы өтуде. Риддер қаласында ОРРММИК РММ базасында түрлі іс-шаралар өткізілді: медицина қызметкерімен дәріс, суреттер байқауы және салауатты өмір салты туралы өлеңдер оқу. Барлық балалар белсенді қатысты.