2025 жылдың 29 сәуірінде «ОРРММИК»РММ- де «Қазақстан халықтарының Бірлік күніне орай “Көркей, менің туған өлкем! Процеватай, мой край родной!» атты үлкен мектепішілік шара өтті.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Сайысқа 7-10 оқушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр сынып өздеріне берілген ұлт өкілдерін таныстырып, салт-дәстүрімен, мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Шара соңында барлық қатысқан топтарға тәтті салынған себет берілді.