Конкурс «Герои»

«Батырлар» байқауы

Дата 7 мая 2025
Конкурс «Герои»
2025 жылдың 7 мамыры күні «ОРРММИК» РММ-де 7 мамыр «Отан қорғаушылар күніне» арналған «Батырлар» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін, рухани-парасаттылық, патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, мемлекеттік тіліміз бен төл тарихымызды құрметтеуге баулу, оқушылардың жан-жақты тұлға болуына ықпал ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа 6 баладан құралған «Жаужүрек» және «Жалын» командасы қатысты. Команда капитандары Балтабаев Рысбай және Нұрқасымбек Алмас өз командаларымен бірге өздерін әр қырларымен көрсете білді. Сайыста олар тапқырлық, мақал-мәтел айту, спорттық жарыстар, күш сынасу бойынша сынға түсті. Сайыс тартысты өтті, әр топ жеңіске жетуге күш-жігерлерін салды. Мәре соңында «Жаужүрек» тобы жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар 1 курс студенті Чонканова Айдана мен 11 сынып оқушысы Ермухамбетова Тоғжан.
Басқа жаңалықтар