80-летия Великой Победы 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы 2025

Дата 9 мая 2025
80-летия Великой Победы 2025
Мамырдың 8 күні Ұлы Жеңістің 80жылдығына орай «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің оқушыларын мектебіміздің мұғалімдері Абылай Беделқанұлы мен Нұржан Тоқтарғажинұлы қазақтың батыры Төлеген Тоқтаровтың ескерткішіне барып, гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Іс-шара барысында оқушыларға Төлеген Тоқтаровтың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қаһармандық істері жайлы тың деректер айтылды. Батырдың қысқа ғана ғұмыры мен өшпес ерлігі жастардың жүрегіне патриоттық рух ұялатты.

Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында елін, жерін сүюге, ата-баба ерлігін құрметтеуге деген сезімді қалыптастырады. Іс-шара соңында оқушылар батыр рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Басқа жаңалықтар