Интеллектуальная игра «Родина моя — Казахстан!»

«Менің Отаным — Қазақстан!» интеллектуалдық ойыны

Дата 17 декабря 2025
17 желтоқсанда Риддер қаласындағы КММ «ОСШИ КОР» сынып жетекшілері Макаренко Л.И. мен Смагулов М.Д. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Родина моя — Қазақстан!» атты интеллектуалдық ойын-викторина өткізді. Іс-шараға 11-сынып оқушылары қатысты.

Ойынның мақсаты — қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне, өз халқының рухани мұрасына деген танымдық қызығушылықты дамыту, сондай-ақ оқушылардың көшбасшылық қасиеттері мен қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру.

Интеллектуалдық сайысқа 11 «А» сыныбының «Болашақ» командасы және 11 «Б» сыныбының «Патриот» командасы қатысты. Іс-шараның жүргізушілері Франц А. мен Марченко Д. болды.

Ойын төрт кезеңнен тұрды:
– бірінші кезең Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы мен негізгі кезеңдеріне арналды;
– екінші кезең — «Аукцион» — елдің қазіргі дамуына қатысты сұрақтарды қамтыды;
– үшінші кезең — «Есімдер»;
– қорытынды кезең — «Полиглот».

Қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын зор қызығушылықпен көрсетті. Командалардың жұмысын Омурзакова Р. мен Мещерякова К. құрамындағы қазылар алқасы бағалады.

Интеллектуалдық ойын қорытындысы бойынша достық жеңді. Іс-шара соңында оқушылар барша қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, туған еліміз — Қазақстанға бейбітшілік, өркендеу және игілік тіледі
Басқа жаңалықтар