Риддер қаласының олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған «Өміріңді бағала» атты тренинг элементтері бар ойтолғау әңгімесі өткізілді.
Іс-шараны тәрбиешілер Боог Наталья Александровна мен Миняйлова Елена Ивановна әзірлеп, өткізді.
Кездесу барысында оқушылар адам өмірінің құндылығы туралы ой қозғап, топтық және жеке тапсырмаларға белсенді қатысты, өз эмоцияларын басқаруды үйренді, өмірлік қиындықтар мен олардан шығу жолдарын талқылады. Тақырыптық бейнематериалдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, талқылауға шынайы қызығушылықпен қатысты.