«Заң және тәртіп» құндылығын іске асыру және балалар арасындағы қорлау (буллинг) профилактикасына арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 21 қаңтарда мектеп-интернат қызметкерлері үшін семинар-практикум өткізілді. Іс-шара педагогикалық ұжымның буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мәселелеріндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Капезова А.М. және педагог-психолог Головкина А.А. қызметкерлерді «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру тәртібімен, мектеп қызметкерлерінің буллинг фактілеріне әрекет ету алгоритмімен таныстырып, сондай-ақ білім беру ұйымының Антибуллингтік командасының құрамын ұсынды.