Профилактика интернет-зависимости среди обучающихся

Білім алушылар арасында интернет-тәуелділіктің алдын алу

Дата 22 января 2026
Профилактика интернет-зависимости среди обучающихся

Педагог-психолог тарапынан мектеп пен колледжде К. Янгтың интернет-тәуелділік шкаласы бойынша диагностикалық сауалнама жүргізілді.


Сауалнамаға:
  • мектептің 7–11 сынып оқушылары,
  • колледждің 1, 2, 3 курс студенттері қатысты.

Зерттеудің мақсаты — білім алушылардың интернет кеңістігіне тартылу деңгейін анықтау, интернет-тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ алдағы профилактикалық және түзету жұмыстарын жоспарлау.


Диагностиканың маңыздылығы:
  • интернетке тәуелді мінез-құлық қаупін дер кезінде анықтауға;
  • білім алушылардың интернетті қауіпсіз және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға;
  • психологиялық қолдау мен алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық мәдениетті қалыптастыру, өзін-өзі бақылау және интернет ресурстарын жауапкершілікпен пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасуда.


Педагог-психолог — маңызды сәттерде әрдайым қасында.

Басқа жаңалықтар