01.09.2021 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздікке қол жеткізу" атты республикалық сынып сағаты өтті.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады. "Бұл өткен жолды ұғынуға жақсы себеп. Мерейтой экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау, экология мәселелерін шешу белгісімен өтеді", - деп атап өтті Президент өз сөзінде. Сынып сағатының мақсаты патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тарихи өткенін мақтан тұтуды тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, туған елдің тарихын оқуға, білім алуға деген қызығушылықты дамыту, оқу қызметіне оң ынтаны қалыптастыру болып табылады.