«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернет – колледжі» РММ 2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмыстары бойынша бекітілген іс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйек айында, Риддер қалалық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог дәрігері Жиликова Надежда Никалаевна және мектеп-интернат-колледж оқушыларының қатысуымен, ішімдік, нашақорлық және, шылым электронды темекі тартудың жас өспірімдердің, жалпы адамзаттың ағзасына қаншалықты зияндылығын, ең соңында қандай ауруларға алып келетіні жайлы түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушылардың неліктен тыйым салынған жат қылықтарға баратынын психиатр-нарколог дәрігері мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джусипов Есбол Жұмағұлұлы себеп салдарын іздеп, алдын алу жолдарының шешуін мақсатында ой қозғады.