Тұңғыш Президент күні -бұл тарихи таңдау күні және Қазақстан Республикасындағы үлкен оқиға. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихқа тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктеріне байланысты тұлға ретінде, әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді. Оның барлық қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын мысалы болып табылады.
29 қарашада «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі» РММ мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс - шара өтті.
Осы шара арқылы біздің оқушылар спортта ғана емес, жан-жақты дарынды екенін дәлелдеді! Концерттік бағдарламаға домбырада, гитарада ойнау, өлеңдерді мәнерлеп оқу, Қазақстан халқының әндері мен билерін орындау түріндегі жарқын қойылымдар енді. Бағдарлама өте жоғары деңгейде өтті, дарынды орындаулардың арасынан үздігін бөліп көрсету мүмкін болмады! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат колледжі" РММ ұжымы барлық қазақстандықтарды алғашқы Президент күнімен құттықтайды! Баршаңызға денсаулық, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз!