2022 жылдың 19 қаңтарында «Бір халық, Бір ел, бір тағдыр» акциясы аясында «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ «Бір ел-бір тағдыр» мектеп тәрбиеленушілері үшін зияткерлік ойын-викторина өткізілді
Бұл ойынның мақсаты тәрбиеленушілерді қазақстандық патриотизмге және зияткерлік ой-өріске тәрбиелеу болды.
Зияткерлік викторинаны тәрбиеші Әлия Мұратқызы Қапезовамен, мектеп парламентінің активі Захар Захаров және Кристина Титиевскаямен бірлесіп өткізілді.
Мектеп холында кітапханашы Сәуле Рахымбайқызы Башабаева «Бір ел бір – кітап» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектеп тәрбиеленушілері Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, бірегей табиғи қорықтар туралы кітаптармен танысты.
Тәрбие іс-шарасы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есбол Жұмағұлұлы Жүсіповтың алғы сөзімен басталды. Ол еліміздің болашағы жастарға байланысты екенін атап өтіп, қатысушыларды нағыз патриот болуға: Қазақстанның бейбітшілігі мен гүлденуі үшін оқып, еңбек етуге шақырды. Тәрбиеленушілерге арнаған сөзінде ол спортшылар бейбітшілік пен жақсылықтың хабаршысы екенін еске салды. Барлығына сәттілік және нәтижелі Зияткерлік жұмыс тіледі.
Викторинаға алты адамнан 3 команда қатысты. Балалар қызығушылықпен жұмысқа кірісті және викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.
Команда қатысушылары тарих, ҚР Мемлекеттік рәміздері, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары саласында өз білімдерін көрсетті.
Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Тәрбие іс-шарасының соңында мектеп оқушылары әрбір азамат өз елінің тарихын білуі, сондай-ақ барлық тұрғындардың тыныштығы мен амандығын сақтауы тиіс екенін атап өтті. Колледждің 3 курс оқушысы Захар Захаров оқушыларға былай деді: «Біз бәріміз бір тату Қазақстан елінде тұрамыз, бәріміз бір тағдырмен байланыстамыз!»