2022 год - Год детей

2022 жыл - Балалар жылы

Дата 21 января 2022
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы»деп жариялаған болатын. Балалар жылына орай "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ кітапханасында «2022 жыл-Балалар жылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби шолу өткізілді.

Шараның мақсаты - әдеби көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалар шығармашылығымен жас ұрпақты таныстыра отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеде ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енген А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, ұлы жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай шығармалары, сондай-ақ басқа да атақты жазушылардың балалар өміріне арналған шығармалары ұсынылды.

Шараға қатысқан 7 «А» сыныбының оқушылары Ақан Әли, Балтабаев Рысбай, Жарасбек Әзім, Тілеубеков Арнұр, Жұмахан Ерхан өз белсенділіктерін танытып, ұсынылған әдебиеттермен танысып, өзара пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар