«Бір халық - бір ел - бір тағдыр» апталық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің" Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты флешмоб өткізілді. Аталған іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы мектеп Парламенті. Мақсаты: мектеп және колледж оқушыларының бойында қазақстандық патриотизмді, толеранттылық пен азаматтықты қалыптастыру және тәрбиелеу.
Қазақстан әлемде достық пен диалог аумағы деп аталады.
Жақсылық пен достықта, бір арманмен, болашақта жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құру - басты міндет болып табылады.