Команда отделения горнолыжного спорта примет участие в Кубке России (FIS)

Тау шаңғысы спорты бөлімінің командасы (FIS) Ресей кубогына қатысады

Дата 2 февраля 2022

2022 жылғы 30 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ-нің 3 оқушысы тау шаңғысы спорты бөлімшесінің Кайгородов Иван, Мелинг Яна және Шлемов Владислав тәжірибелі жаттықтырушы-оқытушы Евгений Петрович Феоктистов жетекшілігімен Ресей кубогына (FIS) қатысады.

FIS жарыстары Ресей Федерациясының үш қаласында екі слалом және слалом-гигант түрі бойынша өтеді:

* 2022 жылғы 30 қаңтардан 5 ақпанға дейін Майминский ауданы, Озерное ауылы «Манжерок» барлық маусымдық курорты»;

* 2022 жылғы 6-9 ақпан аралығында Алтай өлкесі, Белокуриха қаласы «Благодать» ТК;

* 2022 жылғы 10-17 ақпан аралығында Красноярск өлкесі, Красноярск қаласы «Бобровый лог» спорттық-сауықтыру кешені.

Алдағы жарыстарда біздің спортшыларға сәттілік тілейміз

Басқа жаңалықтар