«Басқалардан артта қалмас үшін біз білім жағынан мықты болуымыз керек. Ал білімді болуымыз үшін оқуымыз қажет».
2022 жылды осы қанатты сөздің иесі, мемлекет қайраткері,ақын, ғалым, реферматор, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын «Бір ел, бір кітап акциясы» бойынша насихаттау жылы екені белгілі.
Акция аясында Риддер қаласындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» кітапханашысы С.Р.Башабаева, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ж.Т.Ушакбаеваның ұйымдастыруымен 7,8 сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсыновқа - 150 жас» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – қоғам қайраткері, ақын шығармашылығы жайлы ақпарат беру арқылы Отанға деген, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін орната отырып, дүниетанымын кеңейту, кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында 8 сынып оқушылары Козарезова Л., Кошкарева К., Ефименко Л., Сарсембаев Р. Ақын шығармашылығынан «Еркіндік» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.