2022 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ-де 7-11 сынып оқушыларының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен кездесуі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты білім алушыларды "буллинг" және "кибербуллинг" ұғымдарымен, "буллинг" және "кибербуллинг" үшін жауапкершілікпен таныстыру, интернет-қудалаумен және қудалаумен соқтығысу жағдайында тиімді мінез-құлық стратегиялары туралы түсініктерді қалыптастыру.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар бейне ролик көрсетті, онда буллинг және кибербуллинг деген не және оның қандай түрлері бар екендігі егжей-тегжейлі айтылды. Оның алдын алу және болдырмау жолдары туралы, сондай-ақ, жеке адамның өміріне қол сұққаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы айтты.
Бұл іс-шара қиын өмірлік жағдайларды тиімді шешу және жанжалда сындарлы әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға, оқушылар арасында толеранттылықты, эмпатияны дамытуға көмектеседі.