2022 жылдың 17 ақпанында Риддер қаласында "Sturdust Camp" тау шаңғысы базасында сноубордтан спорт мектептерінің біріншілігі өтті.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ үш оқушысы Шарапов Роман, Викторова Вилена, Феклистова Ульяна қатысты.
Өскемен және Риддер қалаларынан барлығы 55 спортшы қатысты. Жарыс слалом түрінде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 2007-2008 ж.т. ұлдар/қыздар жас тобында жүлделі орындарға ие болды:
1 орынды Шарапов Роман;
2 орын Викторова Вилена;
3 орынды Феклистова Ульяна иеленді.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз!