2022 жылдың 20 ақпанында Риддер қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Инна Можевитинаға арналған балалар биатлоны бойынша ашық біріншілік өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінің» РММ 11 жас оқушысы Жулин Леонид, Асхатұлы Ерасыл, Власов Артур, Жаразбек Әзім, Кошкарева Екатерина, Идрисова Дарина қатысты.
2007-2008 жас тобында ұлдар / қыздар жеңімпаз атанды:
1 орын Жулин Леонид
1 орын Кошкарева Екатерина
3 орын Далелканова Жайна
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді 1 - 6 орынға дейін марапаттады, сондай-ақ әр қатысушы естелік және тәтті сыйлықтар алды.