2022 жылдың 21 ақпан мен 28 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында «ҚСТ бойынша СДБЖСМ» КММ шаңғы базасында шаңғы жарысынан ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ 50 оқушысы қатысты, оның ішінде 10 Ақтөбе облысынан, 33 ШҚО, 6 БҚО, 1 СҚО.
2022 жылғы 22 ақпанда жас топтары арасында кіші, орта қыздар және кіші ұлдар - 3 км. үлкен қыздар, орта ұлдар, үлкен ұлдар - 5 км. классикалық түрде жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ оқушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:
Жас тобында үлкен ұлдар:
1 орын Базарбеков Сұлтан
2 орын Қалибеков Дастан
3 орын Мұратбеков Әмірғали
Жас тобында кіші ұлдар:
1 орын Серікболұлы Салауат
Жас тобында үлкен қыздар:
1 орын Колесникова Виктория
Жас тобында Орта қыздар:
3 орын Чонконова Айдана
2022 жылғы 23 ақпан және 24 ақпанда спринт жарысы қыздар мен ұлдардың классикалық қозғалысы-1,3 км. Бұл жарыста жүлделі орындарды:
Жас тобында үлкен қыздар:
1 орын Яковлева Маргарита
Жас тобында Орта қыздар:
2 орын Чонконова Айдана
3 орын Бочкарева Алеся
Жас тобында үлкен ұлдар:
2 орын Базарбеков Сұлтан
3 орын Мұратбеков Әмірғали
Жас тобында орташа ұлдар:
3 орын Мырзахметов Нұрхат
Жас тобында кіші ұлдар:
1 орын Серікболұлы Салауат
Біздің балаларды жеңістерімен құттықтаймыз……