2022 жылдың 17.02-18.02 аралығында Алматы қаласында "Сұңқар"Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ үш оқушысы Свиреденко Алена, Рулева Виктория, Ковширина Анастасия қатысты.
Қыздар арасында 40 метр және 60 метр трамплиндерде Алена Свириденко жеңімпаз атанды.
Оқушымызды жеңіп алған медальдарымен құттықтаймыз!