Бұл күн алдымен елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген құрметі,ризашылығын біз соғысжылдарында, репрессия кезінде елімізге аш-жалаңаш болып қоныс аударып, оларды бауырына алған қазақтарға деген алғыс айтқанын білеміз. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, татулығымыз бен ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Атаулы күнге байланысты «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат колледжі» РММ мектеп кітапханасы 7-8 оқушыларына«1 наурыз – Алғыс айтукүні» атты библиокешинг ұйымдастырды.
Шараның мақсаты-Алғыс айту күнінің тарихымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластықпен құрметке тәрбиелей отырып, ой-өрісін кеңейту.
Шара барысында кітапханашы С.Р.Башабаева 1 наурыз – Алғыс айту күні 2016 жылдан бастау алғанын,тарихы соғыс жылдарында, репрессия кезінде елімізге қоныс аударған қазір Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің , оларды бауырына алған қазақтарға деген алғыс айтқаны жайлы шығармалардан үзінді келтіре әңгімеледі. 8-сынып жетекшісі Шарыпканова Л.Ж. оқушыларға алғыс айту арқылы сыйластыққа қол жеткізуге болатынын түсіндірді. 7,8 сынып оқушылары Елеусізов А., Ахметов Б., Жарасбек Ә., Тлеубек А., Әлібек А., Франц А.,Ақан Ә.,Тарасова А., Сарқытов Е., Маликов Д. Шараға белсенді қатысып отырды. Кеңпейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Сонымен қатар, сынып жетекшілері тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.
Тәрбиешілер Баянбаева А.С., Мутиханова М.А., мектеп парламентінің оқушылары Александр Козорезовтің және Нұрсұлу Бекмурзаеваның көмегімен бейнеролик жасап, оған Жәнібек Махмут, Козорезова Елена, Попова Дарья, Ақан Әли, Снегирева Ирина, Асхатұлы Ерсін, Жарасбек Әзім, Дәлелқанова Жайна, Идрисова Дарина қатысты.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін.