Чемпионат мира по лыжным гонкам среди юниоров и молодёжи

Шаңғыдан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаты

Дата 14 марта 2022
Чемпионат мира по лыжным гонкам среди юниоров и молодёжи

2022 жылдың 22-27 ақпан аралығында Норвегияның Луга қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында шаңғы жарысынан Әлем чемпионаты өтті (U 23).

Жасөспірімдер чемпионатының бағдарламасына масс-старттан еркін стильдегі ұзын жарыстар, төрт кезеңдік эстафеталар, классикалық стильдегі жеке жарыстар және конькимен жүгіру спринті кірді. 13 медаль жиынтығы ойнатылды.

Қазақстан командасының құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ үш оқушысы Бексұлтан Ернұр (Ақтөбе облысы), Қасенов Дидар (ШҚО), Нұрсбеков Ернар (ШҚО) кірді.

Еркін стильмен 30 шақырымдық масс-старт жарысында Арнұр Бексұлтан қашықтықты 24-орында аяқтап, үздік нәтиже көрсетті.

4х5 км эстафеталық жарыста Бексұлтан Ернұр (Ақтөбе облысы), Қасенов Дидар (ШҚО), Нұрбеков Ернар (ШҚО) 15-орынды иеленді.

Балаларды нәтижемен құттықтаймыз және нәтижелерді одан әрі жақсартуға тілектеспіз!

Басқа жаңалықтар