2022 жылдың 06 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ базасында спорт шебері, биатлоншы Владимир Назаровты еске алуға арналған шаңғы жарысынан дәстүрлі ашық балалар-жасөспірімдер турнирі өтті.
Жарысқа облыс бойынша 320-дан астам спортшы қатысты, олар өздерінің жас санаттарында әртүрлі қашықтықтарда жарысты.
"Биыл біз XI турнирін өткіземіз және қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Әсіресе, шаңғышылардың өсуі Катонқарағай ауданы мен Семей және Риддер қалаларында байқалады", - деді жарыстың бас төрешісі Валерий Трифонов.
Жарыс қорытындысы бойынша "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ оқушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:
Жасөспірімдер 7,5 км.
1 орын Исабек Ілияс
2 орын Тұрлыбекұлы Нартай
3 орын Маликов Тимур
2004-2005 ж. т. ұлдар 7,5 км.
1 орын Қалибеков Дастан
2 орын Базарбеков Сұлтан
3 орын Мұратбеков Әмірғали
2006-2007 ж. т. ұлдар 5 км.
1 орын Петри Даниил
2 орын Кабекесов Дамир
3 орын Аблайханов Санжар
2008-2009 ж. т. ұлдар 3 км.
2 орын Серікболұлы Салауат
3 орын Жулин Леонид
Жасөспірімдер 5 км.
1 орын Тятова Ирина
2 орын Майфат Милан
Қыздар 2004-2005 ж. т. 5 км.
1 орын Жердева Татьяна
2 орын Жұмағазиева Әсем
3 орын Яковлева Маргарита
Қыздар 2006-2007 ж.т. 5 км.
1 орын Рахманова Дарья
2 орын Чонконова Айдана
3 орын Арестова Арина
Қыздар 2008-2009 ж.т. 3 км.
1 орын Шмелева Александра
2 орын Лымарь Ангелина
3 орын Арманова Жібек
Біздің балаларды жеңістерімен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!