2022 жылғы 11-12 наурызда Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында ұлдар мен жасөспірімдер арасында ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP жарысының алғашқы күндері өтті.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша, желге қарамастан, біздің спортшылар жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ оқушылары ұлдар мен қыздар арасындағы жеке жарыста келесі орындарды иеленді:
2 орын Афанасьев Артем (2-1-3-1)
3 орын Евгений Литвинов (0-1-3-2)
Қыздар арасында:
2 орын Ульяна Ардалионова (0-1-1-1)⠀
Жасөспірімдер арасында үздік нәтижелер:
1 орын Никита Акимов (0-1-1-1)
2 орын Кирилл Бауэр (0-2-0-1)
Азияның ашық чемпионаты-біздің ұлдар мен жасөспірімдерді 2023 жылы Щучинск қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындаудың алғашқы үлкен кезеңі!
Біз Азия чемпионатының жарыстарын бақылауды жалғастырамыз және біздің биатлоншылар бізді жоғары нәтижелермен қуантады деп сенеміз.
Фотогалерея