Екі дүркін Әлем Чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Черепановтың жүлдесіне шаңғы жарысынан ШҚО Чемпионаты
2022 жылдың 12-13 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ базасында екі дүркін Әлем Чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Черепановтың жүлдесі үшін шаңғы жарысынан ШҚО Чемпионаты өтті.
Жарысқа Қазақстанның 4 облысынан (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) 227 спортшы қатысты, олар өздерінің жас санаттарында әртүрлі қашықтықтарда жарысты.
Жарыс 12 жас тобында өтті (6 топ ерлер, 6 әйелдер). 12 медаль жиынтығы ойнатылды (алтын 12, күміс 12, қола 12).
Жарыс қорытындысы бойынша "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ оқушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:
2004-2005 ж. т. ұлдар 5 км.
1 орын Қалибеков Дастан (ШҚО)
2 орын Базарбеков Сұлтан (ШҚО)
3 орын Мұратбеков Әмірғали (ШҚО)
2006-2007 ж. т. ұлдар 5 км.
1 орын Петри Даниил (ШҚО)
2 орын Кабекесов Дамир (БҚО)
3 орын Дачкин Григорий (ШҚО)
2008-2009 ж. т. ұлдар 3 км.
1 орын Серікболұлы Салауат (ШҚО)
3 орын Балтабаев Рысбай (Ақтөбе облысы)
Қыздар 2004-2005 ж. т. 3 км.
1 орын Колесникова Виктория (ШҚО)
2 орын Яковлева Маргарита (ШҚО)
3 орын Жұмағазиева Әсем (ШҚО)
Қыздар 2006-2007 ж. т. 3 км.
1 орын Рахманова Дарья (ШҚО)
2 орын Арестова Арина (ШҚО)
3 орын Чонконова Айдана (ШҚО)
2008-2009 ж. т. Қыздар 3 км.
1 орын Лымар Ангелина (ШҚО)
2 орын Лукьянова Ангелина (ШҚО)
3 орын Шмелева Александра (ШҚО)
Біздің балаларды жеңістерімен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!