2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ Өрт-техникалық оқу-жаттығуын өткізді.
Құтқарушылар мен педагогтар өрт сөндіруді және адамдарды ғимараттан эвакуациялауды сәтті орындады.
Тактикалық ой төмендегідей болды: мектепте қысқа тұйықталу орын алып, бұл бас ғимараттағы 5- қабаттың шатырының өртенуіне әкеліп соқты.. Түтіндеуді анықтағаннан кейін мекеме қызметкерлері өрт сөндіру бекетіне жүгінді. 1-МӨСБ, 14-ӨСБ, "Пихтов орман шаруашылығы" КММ, полиция Бөлімі, Жедел медициналық жәрдем бригадасы және электрмен жабдықтау ұйымдары іске қосылды. Өрт сөндіру кезінде қызметтердің өзара байланыстық іс-қимылы пысықталды.
Мамандар автоматты өрт дабылы мен ескерту жүйелерінің жұмысын шынайыландыра білді. Құтқарушылар "шартты өртті" аз уақыт ішінде оқшаулап, жоя алды. Сондай-ақ, мектеп қызметкерлері өрт және адамдарды эвакуациялау кезінде ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті.