Экскурсия в музей-заповедник

Мұражай-қорыққа саяхат

Дата 21 апреля 2022
Экскурсия в музей-заповедник

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ 21.04.2022 ж.Риддер қаласындағы Батыс-Алтай мемлекеттік қорығының мұражайына 7-8 сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Баянбаева А.С., тәрбие ісі жөніндегі әдіскер–Ашимова Н. К., кітапханашы – Башабаева С. Р., тәрбиеші – Мутиханова М.А., қатысты.

Экскурсия мақсаты: оқушылардың еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету және табиғи ортаның жай-күйі үшін өз жауапкершілігін сезіне алатын экологиялық мәдени тұлғаны тәрбиелеу.

Мұражайдың ғылыми қызметкері Мақпал Турапжанова келушілерді қорық аймағының ерекшеліктері және экспонаттарымен, қызықты фактілерімен таныстырды.     

Балалар белсенділік танытып, қызықтырған ақпараттарды талқылады және сұрақтарын қойды. Мұндай шаралар баланың қоршаған ортаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруы сөзсіз.

Видеоуроки: https://youtube.com/shorts/jwLVbb-Oruc?feature=share

Басқа жаңалықтар