2022 жылғы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру шеңберінде бірқатар тәрбиелік іс – шаралар өткізілді: "Біз бір отбасымыз" музыкалық-ойын-сауық кеші, спорттық ойындар,"Елдегі бірлік пен келісім – бейбітшілік кепілі".
10 "А" сынып оқушысы Мұратбеков Әмір оқушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Тәрбиеші Капезова Алия Муратовна оқушыларға толеранттылық, бір-біріне деген құрмет, барлық қазақстандықтардың бірлігі сияқты маңызды рухани құндылықтар туралы еске салды. Осы құндылықтардың арқасында ғана біз елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай аламыз.
Колледждің 3 курс оқушысы Нұрызбеков Ернар барлығын гитарада ойнаумен қуантты, балалар махаббат пен достық туралы әндер шырқады. 9 "А" сынып оқушысы Бұқарбай Нұржан домбырада ойнап, қазақ күйлерін орындады.