77 лет Великой Победе

Ұлы Жеңіске 77 жыл

Дата 4 мая 2022
77 лет Великой Победе

Жыл өткен сайын Ұлы жеңісті сыйлаған ардагерлер қатары сиреп барады. Сондықтан, бүгінгі күннің жас ұрпақтары майдангерлерімізді сыйлап құрметтеуі басты борышы. Жас ұрпаққа патриоттық сезім ұялату мақсатында «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ мектеп кітапханасында 8 «А» сынып оқушыларымен ШҚО жазушылары, халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», ардагер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты повестеріне шолу өткізілді.

«Жау тылындағы бала» мазмұны Майор Мергенбаевтің ұлы әке-шешесіне каникулға келеді, осы кезде соғыс басталады. Он жасар Серік көз алдында шешесінен айырылып партизандар өмірінің небір қиындықтарын көрді. Шығарма аяғында әкесімен кездеседі. Ал, «Ақиқат пен аңыз» повесі халық батыры Бауыржан Момышұлы мен диалог ретінде оның бастан кешкенін суреттейді. Оқушылар өз кезегінде шолуды аса қызығушылықпен тыңдап кітапқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Басқа жаңалықтар