2022 жылғы 7-8 мамырда Словакияның Липтовский-Микулаш қаласында "Татран слаломы" жарысы өтті, оған Қазақстан құрамасының құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ 2 оқушысы Анастасия Ананьева мен Екатерина Таранцева қатысты.
Бұл халықаралық каноэ Федерациясының (ICF) қолдауымен өтетін халықаралық деңгейдегі жарыс.
Турнир биылғы жылдың басты жарысы - 2022 жылғы Азия ойындарының алдындағы тамаша дайындық болды.