2017 жылғы 12 шілдедегі ҚР Қорғаныс Миністрінің №347 «Бастапқы әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2021-2022 оқу жылына арналған АӘ және ТД бойынша алған теориялық білімдерін практикалық бекіту мақсатында, «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ базасында 12-18 мамыр аралығында 10 сыныптар оқушыларымен 30-сағаттық оқу-дала жорық жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.
Барлығы 27 ер бала қатысты. Олар әскери, саптық, атыс, тактикалық және топография дайындығы, сол сияқты спорттық нормативтерді тапсырды. Жиын соңында, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Видео: https://www.youtube.com/watch?v=du86ygG03OM