Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты басталды. Жарыс 2022 жылдың 9 маусымынан 11 маусымына дейін жалғасады.
Ол жарысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат – колледжі» РММ-нің 3 оқушысы Петяхин Никита, Тарасов Ефим, Горлов Михаил қатысуда.
Спортшыларымыз үшін бірінші жарыс күні сәтті өтті, Ефим Тарасов 400 метр қашықтықта 47,40 секундтық жеке көрсеткішпен қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Ефим 4*100 м эстафетасына да қатысты, онда Шығыс Қазақстан облысының командасы 42,81 ұпаймен 2-орынға ие болды.
Жарыстың соңғы күні Тарасов Ефим мен Петяхин Никита 4х400 м эстафетада жеңіске жетті. Спортшыларымызды чемпионатта лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз.
Фотогалерея: https://rsshicor.kz/ru/strukturnye-podrazdeleniya/fotogallereya/shkola/?SECTION_ID=39&ELEMENT_ID=745