2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат – колледжі» РММ-нің акт залында орта кәсіптік білім туралы дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. 20 түлегіміз бақытты диплом иегері атанды. Олардың арасында үздік дипломға ие болғандар – Захаров Захар Андреевич, Митрофанова Регина Сергеевна болды.
Студенттік жылдар артта қалды, алда жетістіктер, тәуелсіздік, ересек өмір. Сіздердің алған білімдеріңіз бен колледжіміздің дипломы мансаптық өсуге, материалдық әл-ауқатқа және жеке бақытқа ықпал етсін! Осымен тоқтап қалмай, оқуды жалғастыратыныңыздарға сенімдіміз. Баршаларыңызға шығармашылық табыс, кәсіби және өмірлік жолдарыңызда жаңа жетістіктер тілейміз.
Фотогалерея: https://rsshicor.kz/ru/strukturnye-podrazdeleniya/fotogallereya/shkola/?SECTION_ID=40&ELEMENT_ID=748