2022 жылғы 5-10 шілде аралығында Италияда (Ивреа) еспелі слалом бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты өтуде.
Қазақстан құрамасының құрамына "Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ-нің 5 оқушысы кірді: Ананьева Анастасия, Таранцева Екатерина, Коробов Александр, Худяков Александр, Полторанин Артем.
5 шілдеде 3к1м j18 командалық жарыста А. Коробов, А. Полторанин 19 орын алды.
6 шілдеде жеке жарыстарда 1 М U23 Худяков Александр 38 орын алды.
7 шілдеде K1M j18 жеке жарыстарында А. Коробов 57 орын, А. Полторанин 76 орын алды.
Таранцева Е.К 1 WJ 18 және Ананьева а. С 1 WJ 18 жартылай финалға өтті.
8 шілдеде Ананьева а. 27-орында өнер көрсетті.
9 шілдеде Е.Таранцева жартылай финалда жарысты 25-орында аяқтады.
10 Шілдеде барлық балалар жаңа Олимпиадалық "экстрим слалом"пәнінен бақ сынайды.