1 қыркүйек-бұл әрқашан ерекше, көңіл толқытатын мереке. Бұл күні "Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Можанов Асқар Байжігітұлы оқушыларды, педагогтар мен ата - аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады, сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Сейташимова Гүлсім Ромашқызы мен директордың спорт жөніндегі орынбасары Малаев Серік Тойлыбайұлы оқу мен спорт-үлкен еңбек, сондықтан жаңа білім мен дағдыларды құлшыныспен және табандылықпен игеру және жетілдіру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа оқу жылында жарқын және лайықты жеңістер тіледі.