В РГУ «РСШИКОР в г. Риддер» прошёл семинар на тему " Антидопинг в спорте"

"Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ "Спорттағы допингке қарсы" тақырыбында семинар өтті

Дата 13 октября 2022
В РГУ «РСШИКОР в г. Риддер» прошёл семинар на тему " Антидопинг в спорте"
2022 жылғы 12-13 қазанда KazNADC @qaznado_education допингке қарсы орталығының маманы Ғалия Болатқызы Жұмабаева "Спорттағы допингке қарсы"тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушы-оқытушылар, спорт әдіскерлері, сондай-ақ "Риддер қаласындағы ОРРММИК"РММ медициналық персоналы қатысты.
Семинардың мақсаты допингке қарсы күрестің қазіргі жағдайында жаттықтырушылар мен спортшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Өйткені, допингке қарсы ережелер саласындағы білім деңгейін арттыру жоғары жетістіктер спортының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Семинар сындарлы түрде өтті және қызу пікірталас тудырды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, спикерді мұқият тыңдап, болашақта осындай семинарларды өткізу қажеттігіне сенім білдірді.
Басқа жаңалықтар