"Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ оқушылары 2 республикалық "Алтын күз"суреттер, фото суреттер және қолдан жасалған қолөнер байқауына қатысты. Турсунова Камиля, 9 сынып оқушысы байқауға "Күзгі пейзаж" суретін дайындады, ал 11 сынып оқушысы Тілектес Еркен біздің табиғатымыздың суреттерін дайындады. Байқау қазылар алқасы оқушылар Еркен мен Камиляның жұмыстарын жоғары бағалады. Олар 1 орынға ие болып, "Word of Best" Республикалық даму орталығының дипломдарын алды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!