Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өткізілді.
7,8,10, 11 сынып оқушылары мен колледж студенттері, аязды күнге қарамастан, белсене қатысты. «Қиян-кескі» тартыста, қызықты турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Күтпеген жерден 10-11 сыныптар командасы бірінші орынға ие болса, 2 - орынды колледж командасы, ал 3- орынды мақтанышпен 7-8 сынып оқушылары иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушылар мен үйымдастырушыларға администрация тарапынан алғыс айтылды!!!