12-22 қаңтар аралығында Лейк-Плэси-де (АҚШ) 2023 жылғы Қысқы Универсиада өтті. Қазақстанның намысын 10 спорт түрінен 78 спортшы қорғады. Ұлттық құраманың құрамында "Трамплиннен шаңғымен секіру" пәніне "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ түлегі Сергей Ткаченко-шаңғымен трамплиннен секіру бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері қатысты. Біздің спортшы күміс медаль жеңіп алды. Барлығы әлемнің 50 елі қатысты. Сергей әр түрлі деңгейдегі жарыстарда өзінің шеберлігін бірнеше рет көрсетті. Спортшының жетістіктеріне - бірінші жаттықтырушысы Болда Валерий Акимовичтің еңбегі сіңген.
Сергейді осы спорт түріндегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз! Спортшыны дайындағаны үшін жаттықтырушыларға алғысымызды білдіреміз.