Бүгін 25.02.2023 жылы Щучинск қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасы Жастар Кубогының екі жарыс күні үшін марапаттау өтті.
"Жеке жарыс" ауа-райына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 4-12 наурыз аралығында Щучинск қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы биатлоннан Әлем чемпионатының құрамы анықталды.
Қазақстан құрамасының құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ оқушылары кірді.
Қыздар:
Карабаева Алена
Ұлдар:
Гребенщиков Егор
Литвинов Евгений
Хасанов Ілияс
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!